empty
 
 

ИнстаФорекстің өз клиенттеріне кеңестері

Алайда компаниялар қол қусырып қарап отырған жоқ: шабуылдың жаңа тәсілдері пайда болысымен, бизнес бұған қорғаныстың жаңа құралдарын жасаумен, өз клиенттерінің дербес мәліметтерін қорғаумен тойтарыс береді, электронды поштаны қорғауды күшейту бойынша сырттан сарапшылар шақыртады. Өз кезегінде клиенттер де рұқсатсыз таратылып жатқан жіберілімдерден өз беттерінше қорғанып, электронды поштамен жұмыс істеудің қатаң ережелерін жасайды.

Соған қарамастан, бір жағынан компаниялар және олардың клиенттері арасындағы, екінші жақтан алаяқтармен күресте «жанталаса қарулану» – ақылға қонымды болатын қарапайым шешім емес. Ең тиімдісі, компания мен оның клиенттерінің әрекеттерін үйлестіру болып табылады. Ұйымдар өз клиенттеріне фишинг-шабуылдардан болатын қатерлерді азайтуға бағытталған бірқатар шабуылдарды пайдалану мүмкіндігі туралы хабарлап отырулары керек.

ИнстаФорекс компаниясы өз клиенттеріне базалық ережелерді ұсынады, соны ұстанып, сіз өз қаражатыңызды және сауданы үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекетінен қорғай аласыз:

  • компьютеріңізде зиянды бағдарламаның жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Вирустар мен зиянды бағдарламалардың әрекеті көбінесе құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге бағытталған. Антивирустық бағдарламаны орнатып, антивирустық базаны ұдайы жаңартып тұрыңыз;
  • өзіңіздің құпиясөзіңіз туралы ақпаратты қандай жағдай болса да ешкімге айтпаңыз, тіпті ИнстаФорекс компаниясының қызметкерлеріне де. Компанияның қызметкерлері ешқашан трейдердің құпиясөзін немесе сіздің сауда шотыңыздың пинкодын сұратпайды;
  • өз компьютеріңізде дербес брандмауэр орнатып, соны пайдаланыңыз. Бұл қатты дискідегі ақпаратқа рұқсатсыз кіруге жол бермейді;
  • егер әлдекім сіздің құпиясөзіңіз туралы ақпаратты білетіні туралы күдігіңіз болса, міндетті түрде құписөзді өзгертіңіз немесе ИнстаФорекс компаниясының қолдау қызметіне хабарласыңыз;
  • электронды поштамен келген күдікті файлдарды ешқашан ашпаңыз;
  • логин мен құпиясөзді ендірмес бұрын, қосылыстың instaforex.com орнатылғанына көз жеткізіңіз: адрестік жолда https://secure.instafixincome.com/kk/account адрес көрінуі тиіс;
  • логин мен құпиясөзді ендірмес бұрын, қосылыстың instaforex.com сайтының қорғалған аймағымен орнатылғанына көз жеткізіңіз: адрестік жолда URL https://secure.instafixincome.com/kk/account көрінуі тиіс;
  • ИнстаФорекс компаниясынан келгендей болып көрінетін хабарлама хаттардағы сілтемелер бойынша ешқашан өтпеңіз, тіпті олар компанияның ресми сайтының нақты беттеріндегі адреске ұқсас болса да;
  • ИнстаФорекс компаниясынан жіберілгендей болып көрінетін, сіздің сауда шотыңыздың логині мен құпиясөзді беріп, орнына бонус алу, жүлде сомасын алу немесе басқа да сыйақылар алу туралы ұсынысы бар хаттарға ешқашан жауап бермеңіз;
  • сіздің сауда шотыңыздың нөмірін, сондай-ақ оның жай-күйі туралы ақпаратты жария онлайн-қауымдастық (форум, блог, әлеуметтік желілер) бетінде ешқашан айтпаңыз.

« Қауіпсіздік бетіне

Сондай-ақ қараңыз

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.